ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес облысқа қарасты Нұра ауданында «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты семинар болып өтті.
Семинарға аудан имамы Ерлан Серікұлы бастаған аймаққа қарасты имамдар мен ұстаздар қатысты.
Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат – аудан аумағында орналасқан барлық мешіт имамдары мен ұстаздарына уағыз-насихат айтудың мәдениетін түсіндіру. Семинарды аудан имамы Ерлан Серікұлы ашып, жиналған дін қызметкерлеріне аталмыш тақырып бойынша баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мешіт имамдарының білімі, әдептілік міне-құлық қағидалары, қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары, тарихы, исламдағы сенім, ақида мәселелері, қазіргі кезде әлеуметтік желі мүмкіндігін терең пайдалану туралы тақырыптар қозғалып, түйткілді мәселелер талқыланды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер