Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Отбасы ғылымхалы дәрісінде мешіт шәкірттеріне «Пайғамбар (с.а.с) тәрбиесі» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Дәріске діни сауат ашу курсында білім алып, іс-шараларға белсенді қатысып жүрген шәкірттер қатысты. Мешіт ұстазы насихат барысында алдымен әйел адамның мәртебесін айта келе, тәрбиенің бастауы Алла елшісін (с.а.с) танумен бастау алатынын тілге тиек етті.
«Алла тағала әйел затын қыз бала, жар, ана ретінде мол сауаптарға кенелтіп, мәртебесін көтергенін білеміз. Жақсы әйелдің сөзінде даналық, рухында нәзіктік пен кіршіксіз тазалық, адамдармен қарым-қатынасында әрдайым өзін еріксіз сыйлататын және құрмет тудыратын қасиет болады. Арлы, тәрбиелі және өз ошағына берік әйелдің үйі – Жәннаттың бір бұрышы. Ислам әйел адамның мәртебесін көтерді, әдебі мен тәртібін үйретті. Сол заңдылықтарды ұстана отырып амал жасап, салихалы әйел болып, Алланың разылығы мен жәннатына қол жеткізу әйел атаулысының өз қолында», -дей келе мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы бүгінгі қоғамдағы отбасылық құндылықты сақтауда әйел адамның атқаратын ықпалы зор екенін айтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер