Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әйелдер жамағаты «Игі ана-ізгі қоғам» атты семинарда бас қосты
11 қыркүйек, 2023 жыл 135 Басып шығару нұсқасы

    ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен облыстық «Әнет баба» мешітінде «Игі ана – ізгі қоғам» атты әйелдер жамағатына арналған семинар болып өтті.

«Ізгі қоғам» бағыты аясында  өткен шарада алдымен алғыс сөз  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы әрі «Ізгі қоғам» бағытының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Асқаров Амангелді Дәулеткелдіұлына  берілді.

Семинарға облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Ақниет Сәлімбайұлы,  «Әйел-қыздар» секторының облыс бойынша жауапты меңгерушісі әрі облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстазы Айгерім Берікболқызы, "Әл Машани" мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы қатысты.

Шарада ақ жаулықты аналар, қыз-келіншектер және мешіт шәкірттері қонақ болды.

Іс-шара барысында «Отбасындағы әйел адамның орны», «Исламдағы әйел адамның мәртебесі» сынды өзекті тақырыптар қозғалды. 

Рухани кеш соңында семинарға жиналған әйелдер қауымына мешіт ауласындағы киіз үйде дастархан жайылып, ас берілді. Шара барысында әйелдер жамағаты ұстаздарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары