ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы облысқа қарасты мешіттердің тынысымен танысу мақсатында жүргізіп жатқан қызметтік сапарын қалалық «Әл-Мәшани» мешітінде жалғастырды.
Қызметтік бақылау-басқару шарасы барысында дін қызметкерлерінің жұмыс барысы қадағаланып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бас имам мешітті жан-жақты аралап, соңғы кездері орын алып жатқан жаңалықтардан хабар алды.
Облыс бас имамына аталмыш мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы қазіргі уақытта тоқтаусыз жүріп келе жатқан құлшылық үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстырды.
Қазіргі уақытқа дейін мешіттің ішкі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, дәретхананың күрделі жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Одан бөлек мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді. Сондай-ақ, мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.
Қарағанды қалалық «Әл-Мәшани» мешітінің қызмет барысымен толықтай танысқан Естай Айтуғанұлы дін қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀ ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
Пікірлер