Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Төлеутай ата» мешіті шәкірттеріне ашық сабақ өтті
19 қыркүйек, 2023 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешіті шәкірттеріне «Ихсан әдеп негіздері» атты тәрбие сағаты өтті. 

Дәріс «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының жүргізуімен өтті. 

Бұдан бөлек, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде. Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран, Құран әліппесі, фиқһ, ақида, әдеп, ислам тарихы, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары