Center Image
IHSAN.KZ
«HALAL EXPO-2023» көрмесінде «Ақнар» жартылай дайын өнімдері ұсынылды
«HALAL EXPO-2023» көрмесінде  «Ақнар» жартылай дайын өнімдері ұсынылды

  Алматы қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесінде Қарағанды қаласында орналасқан «Ақнар» кәсіпорны жартылай дайын өнімдерін ұсынды.

Көрмеге Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы  бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы арнайы қатысып, көрме қонақтарына мекеменің өнімдерін таныстырды. 

Айта кетейік, «Ақнар» жартылай дайын өнімдері  «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай сертификатталған болатын. Мекеменің сертификатталғаны жайлы ақпарат ресіми хабарланатын болады. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz