Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде ақсақалдармен жиын өтті
«Бала қажы» мешітінде ақсақалдармен жиын өтті

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты кезекті ақсақалдар жиыны өтті.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында  өткен семинарға Қарағанды облысының ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. 
Жиында арнайы алғы сөзді алған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, бір ауыздан қолдау танытты Қарағандылық ақсақалдар алқасы. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz