Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжатын түсіндіруге арналған семинар өтті
 «Әл Машани» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжатын түсіндіруге арналған семинар өтті

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжатын түсіндіруге арналған семинар өтті.

Мешіт дін қызметкері Мирас Ерланұлы жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған бұл құжаттың маңызын тағы бір түсіндіріп, өңірімізге қарасты барлық елді мекендерде шариғат шеңберіне сай, салт-дәстүрімізге лайықты деңгейде ас беру, құдайы тамақ беру мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігіне тоқталды.

Бұдан бөлек, аталмыш құжатты халық арасында кеңінен насихаттауға шақырып, бұл мәселе жөнінде  қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz