Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы асабаларының кездесуі өтті
30 қараша, 2023 жыл 117 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен белгілі ұстаз, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев Қарағанды облыстық « Әнет баба» мешітінде аймаққа қарасты блогер асабалармен кездесу өткізді.

«Асаба болу өз ісің, әдептен озбау борышың» атты кездесуде өңірге қарасты асабалар бас қосып, келелі кездесу өткізді.

Жиында білікті ұстаз сөз сөйлеу мәнері, тіл мәдениеті, исламдағы әдеп тұрғысында насихат айтты.
 
Кездесу соңында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы жиынға арнайы қатысқан белгілі ақын, «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақановқа және Тілеген Әділовке құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты. Осындай игі құрмет Айтбай Жұмағұлұлы мен Дидар Қамиевке көрсетіліп, алғыс хатпен марапатталды.

Одан кейін, асабалық қызметін атқарып жүрген жандар ұстазға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары