ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж он отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. ⠀
Атап айтқанда, әр отбасыға 100 000 теңгеден қаржылай көмек беріліп, жалпы мөлшері 1 000 000 теңге қаржылай жәрдем көрсетілді.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты - жалғызбасты көпбалалы аналарға қарайласу, мүмкіндігі шектеулі науқас жандарға қол ұшын созу.⠀
Игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы жиналған қауымға жүрекжарды тілектерін айтып, облыс бас имамының ыстық сәлемін жеткізді. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
Пікірлер