Center Image
IHSAN.KZ
«Әжелер  мектебін» жаңғырту мақсатында дөңгелек үстел өтті
«Әжелер  мектебін» жаңғырту мақсатында дөңгелек үстел өтті

   Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен қызға қырық үйден тыйым салатын «Әжелер  мектебін» жаңғырту мақсатында арнайы дөңгелек үстел болып өтті.

Шараға мешіттің қажы апалары арнайы қатысты.  Рухани  басқосуда мешіт имамы жиналған қауымды қасиетті шағбан айымен құттықтап, берекелі айдың қадір-қасиеті жайлы насихат айтты.

Одан кейін, мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы исламдағы қыз баланың орны жайында, қыз баланың тәрбиесі хақында сөз өрбітті.

Шара барысында Құран хатым дұғасы жасалып, бата берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz