Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысында «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсы мәресіне жетті
01 шілде, 2024 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша барлық мешіттерде маусым айынан бастау алған «Имани жаз-2024» атты жазғы сауат ашу  дәрісі  толық аяқталды. 
Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының мұрындық болуымен "Әнет баба" мешітіндегі  шәкірттерді марапаттау шарасына мешіт наиб имамы әрі діни оқу-ағарту бөлімінің жауапты маманы Дархан Асылтайұлы арнайы қатысып, балаларға «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында насихат айтып, аталған курсты бітіргені туралы анықтама қағазын табыстады.
Айта кетейік, жиырма күнге созылған сауат ашу курсында облыс бойынша мың екі жүзге жуық мектеп оқушысы діни сауат ашты.  Оқушыларға «Құран әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізілді. Ал демалыс күндері балалармен бірге қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасалды. Мектеп оқушыларына арналған діни сауат ашу курстарында білікті ұстаздар, медресе түлектері дәрістер өткізді. 
Жабылу салтанатына арналған шара барысында балаларға тегін балмұздақтар мен ойыншықтар таратылып, аниматорлармен көңілді ойын өткізілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары