Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы ақсақалдармен бас қосты
Облыс бас имамы ақсақалдармен бас қосты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мешіт ақсақалдарымен бас қосты.

Ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болған қазыналы қариялар бас қосқан жиынға өңірге қарасты ақсақалдар алқасының мүшелері және мешіттің жергілікті жамағаты қатысты.

Жиында облыс имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде айта келе: «Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін   ақсақалдардың қоғамдағы алар орны маңызды», - деп ақсақалдардың қоғамдағы орнын айрықша атап өтті.

«Әнет баба» мешіті жанындағы қазақы киіз үйде жайылған ақ дастархан басында қазыналы қарттар да өздерінің өнегелі әңгімелерін өрбітіп, тағылымға толы насихаттары мен ізгі ойларын ортаға салды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz