Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы өкілдігі 1228 баланы мектепке дайындады 
30 тамыз, 2024 жыл 53 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде «Мектепке жол-2024» қайырымдылық шарасы өтіп жатқаны белгілі. Осы игі дәстүр бойынша Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының жетекшілігімен 1228 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды.

«Әнет баба» мешітінде өткен қайырымдылық шарасында облыс бас имамы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Тусупбеков Асылхан бүлдіршіндерге мектепке қажетті оқу құралдарын табыстады.

Дәл осылай қайырымдылық шарасының тізбегі облысқа қарасты бүкіл мешіттерде жалғасын тауып, 1228 оқушы білім алуға қажетті игіліктерге ие болды.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары