Center Image
IHSAN.KZ
Ауыл кәсіпкерлері көмірмен қамтамасыз етуді өз мойындарына алды
Ауыл кәсіпкерлері көмірмен қамтамасыз етуді өз мойындарына алды

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы тапсырмасымен басқару-бақылау жұмыстары бойынша Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлы Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылдық мешітіне ат басын бұрды.

Мешіт имамы Боранбай Қабдысәлім құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Одан бөлек мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді.

Сонымен қатар аудан имамы ауыл кәсіпкерлерімен кездесті. Болған жиында ауыл кәсіпкерлері мешіттің отын жағуға адам берілетінін және қыстық көмірмен қамтамасыз етілуін өз мойындарына алды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz