Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде «Ихсан және насихат» атты имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар болып өтті.
Семинарға ауданға қарасты дін қызметкерлері, имамдар мен ұстаздар қатысты.
Шара барысында мешіт имамдарының білімі, әдептілік мінез-құлық қағидалары, қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары, тарихы, исламдағы сенім, ақида мәселелері, қазіргі кезде әлеуметтік желі мүмкіндігін терең пайдалану туралы тақырыптар қозғалып, түйткілді мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, жылды қорытындылау, қысқа дайындық мәселесі пысықталды
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі