ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша Абай ауданы, Қарабас кентінің мешіт имамы Шарифулла Шадиев Агрогородок ауылында жұмыс сапарымен барып қайтты. Имам ауыл тұрғындарымен кездесіп жат ағымдардың алдын алу бойынша бірқатар ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, дін қызметкерінің жауабын алды.
Жат діни ағымдардан сақтандыру


