Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба » мешітінің шәкірттері бас жүлдені жеңіп алды
«Әнет баба » мешітінің шәкірттері бас жүлдені жеңіп алды

Қарағандыда облыстық діни бірлестіктер клубының ұйымдастыруымен шағын олипиада ойындары өткізілді. Эстафеталық спорт түрлерінен өткен жарыста бағы мен бабы қатар шауып «Әнет баба » мешітінің шәкірттері, «Ихсан жастары» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Қарағандыда діни бірлестіктер клубы осыдан үш жыл бұрын құрылған. Оның құрамында облыстағы барлық 15 діни конфессияның өкілдері бар. Өткізіліп отырған бәсекенің басты мақсаты облыстағы дін аралықты татулықты нығайту.  Жеңімпаздарға дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар Қарағанды өкілдігі «Әнет баба » мешітінің Жастар ісі секторының жауапты маманы Жанайдаров Думан Қамариденұлы мешіт шәкірттерін арнайы құттықтап, өз алғысын білдірді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz