Шет ауданы Ақадыр кенті «Иса молда» мешітінде жамағат арасында Мәуліт дұғасы оқылып, діни мереке аталып өтті. Мәуліт кешіне Қарағанды облысы Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы арнайы келіп Мәуліт дұғасын оқып, жамағатқа Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) жайлы уағызын айтты. «Иса молда» мешітінің ұжымы қонаққа ілтипат білдіріп иығына шапан жапты.
«Иса молда» мешітінде Мәуліт мейрамы атап өтілді








