Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Алматы қаласы Алатау ауданы Мырзахмет мешітінің имамы Мәди Ахметов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Мәди Айдарханұлы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен кездесті. Жас буынға «Білім алудың маңызы және Жат ағымнан сақтану» тақырыптарында дәріс өткізді.
Асыл дініміз білімді қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді. Пағамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – деген. Сонымен қатар, имам қазіргі қоғамдағы теріс ағымдардың сипатымен таныстырып, жастарды олардан абай болуға шақырды.