Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен рухани мәуліт кеші өтті
Қарағандыда ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен рухани мәуліт кеші өтті

Қарағанды қаласында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Сағындым сені Мұхаммед» тақырыбында рухани мәуліт кеші өтті.

Шараға Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен нәзік жанды ұстаздар мен шәкірттер жиналған. Онда арнайы Елордадан ⁠ҚМБД әйел-қыздар сектор меңгерушісі-Динара Құтқожақызы арнайы қатысып, әйел жамағатына уағыз-насихат айтты. 

Кеште дін мен дәстүрдің арасын жалғаған халық әндері шырқалып, шәкірттер тағылымды қойылымдар қойды.

Сонымен қатар облыстың Бас имамы Естай Айтуғанұлы да қатысып,жиналғандарға алғысын білдіріп, шәкірттерге игі тілегін айтты.

Кешке жиналған қыз-келіншектер Пайғамбарымызға салауат айтып, ақ жаулықты аналар ел амандығы үшін дұға жасады. Сондай-ақ әйел жамағаты арасында ұтыс ойнатылып, 1 адамға Ұмра қажылығына жолдама берілді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz