Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық "Қажыбай қажы" мешітінде ақсақалдар мен әжелерге арнап дастархан жайылды. Игі шара мешіт Имамы Жандос Әшімұлының бастауымен, «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.
Қазыналы қарттарымызға арнап ән мен күйден шашу шашылып, шара соңында сыйлық үлестірілді. Жиналған жандарға мешіт атынан арнайы алғыс хан табыс етілді.
Ақ жаулықты аналар өз тілегін, аталарымыз батасын беріп ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
"Қарттар күніне" орай дастархан жайылды




