Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде Мәуліт оқылды.
Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде Мәуліт оқылды.

Мәуліт кешінде облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы келіп жамағатқа “кешірім” жайлы уағыз насихат жүргізді.

Ислам – кешірімділік пен бауырмалдық діні. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «(Уа, Мұхаммед!) Сен кешірімді бол және жақсылықты бұйыр. Түсінбейтін қараңғылардан теріс айнал», – («Ағраф» сүресі, 199-аят) деген. Бұл да Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – кешірімділік екенінің көрінісі. Кешірімді болу адамдар арасын жарастырады, біріктіреді. Имам жамағатты бір-біріне мейіріммен қарауға шақырды.

Сонымен қатар кеште викториналық сұрақтар қойылып, жауабын тапқан жандарға мешіт тарапынан сыйлықтар үлестірілді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz