Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Әнет баба" мешітінде Қарттар күніне орай дастархан жайылды
02 қазан, 2024 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қазыналы қарттарға арнап дастархан жайылды. Сауапты іс «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.
Мерекелік кештің өтуіне "Дін мен Дәстүр" бөлімінің жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы мен «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша өкілдігінің жетекшісі Асылхан Түсіпбеков атсалысты.
Шараға арнайы "Қарағанды облысы Қарағанды қаласының 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының" зейнеткерлері шақырылды. Халықаралық «Қарттар күніне» орай ұйымдастырылған кеште «Зекет және қайырымдылық қорының» атынан сырт киімдер мен сый-сияпат үлестірілді.
Сонымен қатар жақында ғана Қажылығын өтеп келген Нұркен ақсақал сапардан әкелген базарлықтарымен бөлісіп, батасын берді.  
Мекеменің қайтыс болған тұрғындары мен қонақтардың өмірден өткен жақындарына құран бағышталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары