Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінің ұйымдастыруымен қарттар күніне орай аймақтағы қариялар үйі зиярат етілді.
Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының бастамасымен өткен шараға мешіттің дін қызметкерлері ат салысып, қарияларды ұлттық мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, сыйлықтар үлестіріп, өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі