Теміртау қаласы Жақып Ақбай мешітінде Нутрайқызы Индира, Бақытжанқызы Әмина, Дәуірғалиқызы Ақниет ұстаздардың ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз (с.ғ.с)нің туған айында мәуліт кешін ұйымдастырылды.
Шара шымылдығы Құранмен ашылып, Мәуліт жыры оқылды. Сонымен қатар ұстаздар «Пайғамбарымызды жақсы көру» тақырыбында уағыз-насихат айтты, Кештің қонағы арнайы Елордадан ҚМДБ Әйел- қыздар секторы меңгерушісі Динара Құтқожақызы арнайы қатысып, жамағатқа Пайғамбарымыздың сипаттарын айтып, Сүннеттеріне амал ету жайлы баяндады.
Ал Қарағанды облысы Әйел-қыздар секторы жетекшісі Әйгерім Берікболқызы ұстаз Пайғамбарымыз(с.ғ.с) жақсы көру жайлы жамағатқа уағыз айтты,
Кеш барысында әртүрлі викториналық ойындар ойнатылып,сыйлықтар табысталды.
Оған қоса Қарттар үйінен келген апаларға сыйлықтар таратылып, құрмет көрсетілді
ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі