Center Image
IHSAN.KZ
Қариялардың шаңырағы зиярат етілді
 Қариялардың шаңырағы зиярат етілді

Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қарттар күніне орай аймақтағы қариялардың шаңырағы зиярат етілді.

Мешіт имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен өткен шараға мешіттің дін қызметкерлері ат салысып, қарияларды ұлттық мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, сыйлықтар үлестіріп, өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді.

Қазыналы қарттар да өз батасын беріп, келгендерге ризашылығын білдірді. Берекелі іс жыл сайын өтетін үрдіске айналып келеді.

 Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz