Қарағанды қаласы, Республика көшесі 23/1 орналасқан 571 қоғамдық тамақтану орыны ҚМДБ-ның Халал даму сертификатына ие болады.
Облысымыздағы ҚМДБ-ның «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелідұлы барып сертификатты тапсырып, кәсіп иелерін сүйіншілеп қайтты.
Ұйым сертификаты 1 жылға жарамды. Ұсынылған өнімдер зертханада тексеріліп, қорытындысы дұрыс деп танылса ғана сертификат беріледі.
Дегенмен компания жыл бойы бақылаусыз қалмайды. Жағдайына байланысты кей өндірісті ай сайын, кейбірі екі айда бір тексеріледі. Әр аймақтың жауапты өкілдері бар. Бақылаушылар арнайы барып қоймалар мен тоңазытқыштарды тексереді. Олардың келісілген меморандумға сай, кез келген уақытта маркеттерден өнімдерді сатып алып, оны зертханаға жіберуге құқығы бар.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі