Жақында ғана Бұқар Жырау ауданының әкімі қызметіне жаңадан тағайындалған Құсайын Ерлан Бейсембайұлы аймақ имамы Рүстем Мұратұлымен кездесіп, Бұқар Жырау бабамыздың кесенесін зиярат етті.
Шара барысында аудан имамы бастаған әкімдіктің тағыда бірнеше қызметкерлері бабамыздың рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.
Айта кетейік, Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілеміне жерленген. 1993 жылы бой көтерген бұл кесененің табаны үш таған болып келеді. Биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Елдік идеологияны, халық ретінде өзін-өзі сақтау түйсігін берік ұстауда өлшеусіз орны бар семит халықтарының қасиетті кітаптарынан кем түспейтін құдірет біздің жыраулар поэзиясында айқын тұр.