Үштөбе ауылы, Қажыбай қажы мешіті Жастар секторынын ұйымдастыруымен балалар арасында ұлттық ойындар насихатталды. Мешіттің ең кіші жамағаты, балақайлар арасында садақ атудан сабақ болып өтті. Сонымен қатар жас өрендерге дастархан жайылып, ұлттық ойындардың маңызы жайында бірқатар сұхбат жүргізілді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақ атуды және атқа мінуді үйреніңдер», – деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтқан: «Расында, күш – садақ атуда». Сондықтан асыл дінімізде садақ ату-сүннет амалдардың біріне жатады. Шара мешіттегі жастар секторына жауапты Арифжан Нуровтың ұйымдастыруымен өткізілді.