Қарағанды облысы Ақтас кентінің жаңа мешітінің ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№34 мекемесінде» жазасын өтеуші азаматтар өз қолымен жасаған қолөнер туындысын сыйға тартты. Алла үйіне тарту етілген сыйлық мешіт ішіне ілінетін болады. Өз кезегінде Ақтас кентінің имамы Ерғазы Азамат Сайлауұлы да оларға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Жаңа мешітке тарту


