ҚМДБ Қарағанды өкілдігі «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Сергаликызы Балқаш қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты. Алдымен Балқаш қалалық мешітінде өткен “Жаңа мен” әйелдер даму орталығының жетекшісі Ақмырзаева Ақмарал Күшкінбайқызымен кездесуде болды. Онда «Исламдағы әйелдер мәртебесі» жайлы толығырақ баяндалып, ашық талқы жасалды. Оған қоса әйел жамағатымен бірге Мәуліт кеші ұйымдастырылып, дастархан жайылды.
Сонымен қатар Балқаш қалалық мешітінде «Әйел адамның отбасындағы және исламдағы орны» атты рухани уағыз кеші өткізді. Ұстаз Жансая Аппазбекқызы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үлгі ете отырып, оның шаңырағындағы әйел адамға деген қарым- қатынас пен ислам дініндегі әйелдің хақысы жайлы баяндады. Қазақта: “Әйел–қырық шырақты ” дейді. Өйткені, әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ол сан түрлі сынға сабырмен шыдап, төзіммен төзе біледі. Асыл дінімізде де әйел адамға деген нәзік қамқорлық бар. Әйел ретінде де, ана, қарындас ретінде де барлық құқықтары назарға алынып, орны ерекше айқындалып қойған.