Center Image
IHSAN.KZ
Тарихи тұлғалар өмірінен үлгі
Тарихи тұлғалар өмірінен үлгі

Қарқаралы ауданы Матақ ауылының мектеп оқушыларына Алаш қайраткерлері мен тарихи тұлғалардың өмірі жайлы үлгі насихат айтылды. Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы сынды азаматтардың еңбектері қазіргі жастарға сарқылмас қазына. Кездесуді Қарағанды облысы Ақтас кентінің имамы Ерғазы Азамат Сайлауұлы өткізді. Ол бүгінгі күні жастар өздерін имандылық пен ибалылыққа, бауырмалдық пен көркем мінезділікке, білімділік пен қарапайымдылыққа  тәрбиелеу жағын күшейтуді басты мәселе деп қарауы керек деп санайды. Оқушылар да өз мақсаттары мен армандары жайлы айтып, өздері үлгі тұтатын тұлғалардың өмірі жайлы баяндады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz