ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген кітаптар Қарқаралы ауданына қарасты барлық ауыл мешіттерінe үлестірілді.
Игі шара аудан имамы Митератбек Орынбекұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жиынға ауданға қарасты барлық елдімекеннің дін қызметкерлері қатысты.
Аудан мешіттері «Muftyat» баспасынан жарық көрген әртүрлі құнды кітаптармен толықты.
Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын таппақ.