Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде аймақ имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған «Ихсан-рухани тәрбие негізі» атты жиын болып өтті.
Басқосуда дін қызметкерінің этикасы мен әдебі, жауапкершілігі талқыланды.
Сондай-ақ,міндеттері мен қызметтеріне және қоғамдық ортадағы бейнесі мен дінді көркем насихаттау шеберлігіне қатысты талаптар мен ережелер түсіндірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі