Center Image
IHSAN.KZ
«Иса молда» мешітінің имамы мектеп түлектерімен кездесті
«Иса молда» мешітінің имамы мектеп түлектерімен кездесті

Шет ауданы, Ақадыр кентінде «Иса молда» мешітінің имамы Азамат Серікұлы 11-шы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

«Иса молда» мешітінің имамы Азамат Серікұлы өмірдің жаңа белесіне қадам басқалы отырған түлектерге «Ислам діні мен жат діни ағымдар» жайлы айтып берді. Жат ағым жас ұрпақты құрдымға итермелейді. Себебі олардың ұстанымы халқымыздың сан ғасырлық діни сеніміне, таным-түсінігіне, салт-дәстүріне мүлдем қарама-қайшы. Ең қатерлісі, осы кереғар ағымдардың, деструктивті топтардың үгіт-насихаты жастарды баурап алады. Сол себепті де жастарымыз ғаламтордағы діни ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу үшін ҚМДБ-ның өкілдері мен сол ғалымдардың еңбектеріне, жергілікті мешіт имамдарына жүгіну керектігін түсіндірді. Кездесуде оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алды.

ҚМДБ - Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz