Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысының имамдарына "Дін және қоғам" тақырыбында семинар өтті
01 қараша, 2024 жыл 28 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасы аясында “Діни оқу-ағарту бағыты” бойынша Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Дін және қоғам» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

 
Жиынды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы жүргізді. Іс-шараға Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имамдары қатысты. Қоғам ізгілікке ден қойса, ғылым-білімге ұмтылса, болып жатқан келеңсіздіктер өздігінен жойылатынын бізге дейін ғұламалар айтып кеткен. Сондықтан имамдар үнемі білімін жетілдіріп, жан-жақтағы түрлі оқиғалардан хабардар болып, халықпен етене араласып, түрлі мәселелердің оң шешілуіне ұйытқы болуы қажет екенін Хасан Ташайұлы да атап өтті. Іс-шара аясында мешіт қызметкерлері діни басқарма өкілімен бірге қоғамда болып жатқан мәселелерді қарастырып, оның алдын алу, шешу жөнінде пікір алмасты. Семинарға қатысқан дін қызметкерлеріне Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы және Қарағанды облысының Бас имаммы Естай Айтуғанұлы сертификаттар табыстады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары