Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті.
Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде  «Пәтуа сағаты» өтті.

Шара барысында мешіт наиб имамы жамағаттың тарапынан туындаған бірқатар сұрақтарға жауап беріп,  ҚМДБ Ғұламалар кеңесінен бекітілген жаңа пәтуалар мен нұсқауларды таныстырды. Еліміздегі ислам діні мен руханияттың дамуына Кеңес жұмысы сүбелі үлес қосып отыр. Ғұламалар Кеңесі– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы діни-ғылыми мәселелерді шешумен айналысатын консультативтік-кеңесші орган.

Кеңес Ислам негіздеріне сүйене отырып, қоғамдағы мұсылмандық ұстанымға қатысты туындап отырған өзекті мәселелер бойынша пәтуа шығарады. ҚМДБ-ның жалпы қызметі жүйесі және оның имамдары қызметінің негізгі бағыттарын зерттейді. Исламды жағымсыз жағынан көрсететін, теріс идеяларды, діни фанатизмді уағыздайтын аудио, бейне және баспа материалдардың таралуына тосқауыл қою шараларын ұсынады. ҚМДБ жанындағы имамдардың біліктілігін арттыру институты, Жоғары оқу орындары, ҚМДБ медреселері мен мешіттер жанындағы сауат ашу курстарының бағдарламаларын жетілдіруге ұсыныстар енгізеді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz