Қарағанды облысы Абай ауданы, Қарабас кентінің мешітінде үлкендерге дастархан жайылды. Үлкенді құрметтеу мұсылман қоғамында жоғары орынға ие. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды»,- деген халық даналығы қалыптасқан. Жасы үлкенге жол беріп, астың дәмдісін, сөздің сәндісін үлкеннен күту – қазақы қалпымыздың белгісі. Ардақты пайғамбарымыз бір сөзінде: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес» деген болатын.
Қариялар жас ұрпаққа жол көрсететер темірқазық іспетті. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы, көргені мен білгені, ақыл-кеңесі құнды кітаппен пара-пар.
Дастархан басында үлкенді сыйлау мен кішіге ізет көрсету жайлы уағыз-насихат айтылып өтті.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі