Center Image
IHSAN.KZ
«Имамдарға арналған қызметтік пәтердің” қазығы қағылды
«Имамдарға арналған қызметтік пәтердің” қазығы қағылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі пәтерге» атты жобасы аясында имамдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында қарағандылық «Имамдарға арналған қызметтік пәтер” құрылысы басталды. 

Қарағанды облысының Бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен «Имамдарға арналған қызметтік пәтер» салуға Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Мұратұлының қаулысымен, Ә.Бөкейхан ауданы, Восток-3 ықшам ауданындағы жер теліміне жауапты мемлекеттік мекемелерден рұқсат алынып, құжаттары толығымен реттелді. Игі бастамаға имамдар, мешіт жамағаты, ақсақалдар қолдау көрсетті. 

Іс-шара аясында тиісті жұмыстар жалғасын тауып, құрбан шалынып, құран оқылды. Ақсақалдар ізгілікті істің оңынан жүзеге асуына бата беріп, жақсы тілектер тіледі.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz