Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің жаңа имамы ұжыммен алғашқы жиын өткізді
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің жаңа имамы ұжыммен алғашқы жиын өткізді

Қарағанды облысының Шахтинск қалалық "Нұр" мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы мешіт ұжымымен алғашқы жиын өткізді. Жиынға ақсақалдар мен мешіт қызметкерлері қатысты.

Мешіт имамы алғашқы жұмысын ақсақалдардан бата алумен бастап, ұжымға ҚМДБ бекіткен бағыттар аясында атқарылатын істермен таныстырды. Сонымен қатар алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстардың жоспары құрылып, түрлі мәселелерді мешіт қызметкерлерімен бірге талқылады. 

Ақсақалдар жаңадан тағайындалған имамның қызметіне сәттілік тілеп, ізгі лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz