Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің еңбегі ерен.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау ауданының имамы Рүстем Мұратұлы Петровка ауылына арнайы қызметтік іс - сапармен барып, бақылау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар жиылған жамағатқа ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының аудан мешіттерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау білдіретінін жеткізді.
Аудан имамы жамағатқа "ихсан ілімі" бағыты бойынша уағыз насихат айтты. Сондай-ақ, ауылдың діни ахуалынан хабар алып, осы өлкедегі атқарылып жатқан жобалар мен жоспарларды пысықтады. Мешіттің ішкі-сыртқы жұмысы мен тазалығына қадағалау жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі