Center Image
IHSAN.KZ
Көкпекті ауылдық мешіті жастарға арналған рухани іс-шара өткізді
Көкпекті ауылдық мешіті жастарға арналған рухани іс-шара өткізді

Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен дүниежүзілік жастар күніне орай рухани іс-шара болып өтті. Жастар қашанда мемлекеттің ең құнды қазынасы болған, солай бола береді де. Себебі, жастар – елдің тірегі. Жастар – халықты дамуға жетелейтін негізгі күш. Жастар – елдің болашағы. Жарқын болашақ жастардың қолында.

Ислам діні қашанда жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін көрсетіп, оның тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырып келген. Себебі дұрыс бағыт алған жастар үмметтің үмітін ақтайды.

Іс-шара барысында жастарға уағыз-насихат айтылып, сұрақтарына жауап берілді.

ҚМДБ - Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz