Теміртау қаласы, Ақтау кентінің мешітінің имамы Жұмабай Фазылахмад Асламденұлының ұйымдастыруымен қысқа дайындық жұмыстарын жүргізді.
Ақтау кентінің мешіті бұған дейін пешпен жылытылып келген. Бүгінде ауыл азаматтарының демеушілігімен 2 000 000 теңге қаржы жиналып, ол қаражатқа газбен жылыту құрылғылары орнатылды. Онда жанармай бекетінен жеткізілген газ баллондары қолданылады.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі