Center Image
IHSAN.KZ
Нұра аудандық мешітінде «Ихсан-тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті
Нұра аудандық мешітінде «Ихсан-тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті

Нұра ауданының имамы Ерлан Серікұлы «Имамның көркем мінезі», «Ихсан дәрежесіне қалай жетуге болады?» - атты тақырытарда семинар ұйымдастырды.

 

Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Құдіреті күшті Хақ Тағала Құран Кәрімде ерекше мән берген құндылықтың бірегейі де осы – ихсан ілімі. Қасиетті Құранда:

- Негізінде Алла әділдікті, игілікті (ихсанды) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, жамандықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Түсінерсіңдер,- деп сендерге (осылайша) насихат береді, - деп баяндалған. Сөздікте «жақсылық», «игілік» деп келетін «ихсан» сөзінің шариғаттағы терминдік мағынасы – бір нәрсені қолға алғанда оны «ең әдемі, ең кемел түрде жасау» дегенді білдіреді. Семинарды Нұра ауданының имамы Ерлан Серікұлы жүргізіп, «Имамның көркем мінезі»,  «Ихсан дәрежесіне қалай жетуге болады?», - сынды тақырыптарды қозғап, имамдардың сұрақтарына жауап берді.

 

ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz