ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүргізіліп жатқан «Дархан Дала» жобасы Балқаш қаласында жалғасын тапты.
Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен ҚМДБ бекіткен «Дархан дала» жобасы бойынша мешіт қызметкерлері Балқаш өңірінің тумасы, ақын, сазгер, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері Шашубай Қошқарбаевтың кесенесіне барып, зиярат етіп, рухына құран бағыштап қайтты.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі