Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің наиб имамы ҚМДБ бекіткен «Дархан дала» жобасы аясында мешіттің ауласында орнатылған ескерткіш тастың қасында, Қажыбай Мәндібайұлы жайлы өмірбаянын айтып, мешіт жамағатына, өскелең ұрпаққа ғалымнан ғибрат алу жөнінде насихат айтты.
ХХ ғасырдың ортасындағы Қарағанды өңірінің діни-рухани қайраткері Қажыбай Мәндібайұлының есімі көпшілік қауымға аса танымал емес. Ғалым алғашқы діни-рухани қызметін Қарағанды қаласы, Киров ауданы мешітінің имамы ретінде бастаған. Ал 1961 жылы қасиетті Мекке қаласына барып, қажылық парызын өтеген болатын. Ғұлама араб тілінен көптеген ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударған.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі