Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен ҚМДБ бекіткен «Ізгі қоғам бағыты» аясында «Қажының рухани келбеті» атты рухани іс-шара болып өтті.
Келелі кездесу барысында «Төлеутай ата» мешітінің найб имамы Диарбек Аширматов жиналған жамағатқа қажының тұлғалық сипаты жайында насихат айтты. Сонымен қатар, олардың тарапынан қажылыққа қатысты туындаған сұрақтарына жауап берді.
– Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі