Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті мен Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіттерінің жамағаты арасында шағын футболдан жолдастық кездесу турнирі болып өтті.
Жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған доп додасына аймақ имамдары бастаған мешіттер арасынан командалар жасақталып, өзара бақ сынасты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын турнирдің мақсаты – мешіттердің жамағаты арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Сондай-ақ, қоғамға және жамағат арасында саламатты өмір салтын ұстануды насихаттау.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі