Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралы ауданы: Қызылту ауылының мешітіне күрделі жөндеу жүргізілді
Қарқаралы ауданы: Қызылту ауылының мешітіне күрделі жөндеу жүргізілді

Қарқаралы ауданына қарасты Қызылту ауылдық мешіті күрделі жөндеуден өтіп, жаңғыртылды.

 

Қарқарады аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы арнайы бақылау-басқару бойынша ауылдарды аралап, қуанышты істің куәсі болып қайтты.

Қасиетті жұма күні халыққа есігі қайтадан айқара ашылған қасиетті Алла үйінің жөндеу жұмыстарына Қызылту ауылының жастары ат салысқан. Игі іске мұрындық болған барша жомарт жанға ауыл ақсақалдары мен тұрғындары ризашылықтарын білдірді.

 

ҚМДБ - Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz